Атырау, 7 мамыр 22:27
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 433 просмотра

Дойбы

Image 0«Мұнайшы» спорт кешенінде дойбыдан қала чемпионаты өтті.

Жүлделі орындар төмендегіше бөлінді: (1-орыннан 3-орынға дейін сәйкесінше): абсолюттік дәрежеде – Жұмыскер ауылы мектебінің 11 сынып оқушысы Ерзат Кенжеғали, Ақсай ауылы мектебінің 3-сынып оқушысы Бекарыс Жұмалиев, сол мектептің 11 сынып оқушысы Алтынбек Жұмалиев; ардагерлер арасында – Берік Молдаш, Болат Көшенов, Базарбай Торғаев; жасөспірімдер арасында – №31 мектептің 6 сынып оқушысы Дамир Салауат, №20 мектептің 7-сынып оқушысы Диас Қартанов, Алмалы ауылы мектебінің 8-сынып оқушысы Мейіржан Оңайбай; қыздар арасында Ақсай ауылы мектебінің 6 сынып оқушысы Данагүл Жұмалиева үздік атанды.

***

Бокс

Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің «Жайық» ДСК-нде Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті А. Құлыбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті.

Турнирге Ресей, Украина, Қырғызия, Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның бірқатар аудандарынан былғары қолғап шеберлері қатысты. Атырау облысы құрамасының қоржынында бір алтын, бір күміс және үш қола жүлде бар.

«Алтынды» Асылхан Ұзақбаев (56 келіге дейін), «күмісті» Амандық Манашев (69 келіге дейін) алса, «қолаға» Рашид Салауатов (52 келіге дейін), Қамбар Ғинаятов (64 келіге дейін) және Есенаман Шұнғарин (91 келіден жоғары) ие болды. Біздің боксшыларымыз өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы командалық есепте Өзбекстан мен Қырғызиядан кейін 3-орын алды.

***

Футзал

Мини-футболдан «Атырау облысы бойынша құқықтық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) басшысы кубогы» турнирі аяқталды.

ҚАЖД баспасөз бетшесіндегі мәліметтерге сәйкес, «ойындар тартысқа толы болды, өйткені ҚАЖ бөлімшелерінің командаларының бір де бірі жеңілгісі келмеді». 1-орынды УГ-157/1 тергеу оқшаулағышы командасы, 2-орынды УГ-157/9 жалпы режимді колонияның қызметтік ұжымы, 3-орынды облыстық ҚАЖ департаментінің өзі алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.