Атырау, 6 қазан 23:29
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Жұлдызың жансын!

3 409 просмотра

Image 0Атыраудағы «Фантазия» вокал студиясының мүшесі Санат АСУАТ (суретте) орындаған ән «Жұлдыз балалар 2015» ән жинағына енді.

Кішкентай жұлдыз 10 жаста, үш жылдан аса уақыт «Фантазия» тобында дәріс алып, республикалық балалар шығармашылығы байқауларына қатысты, алайда ресейлік «Голос. Дети» шоуының жеңімпаздарымен бірге бір ән жинағына кіруді Санат армандамаған да еді. Бұл оқиға ол үшін керемет тосынсый болды.

- Өткен жылы Санат республикалық «Беби Стар» байқауына «Вокал» жанрында қатысқан болатын. Осы байқау үшін біз арнайы ресейлік композитор және ақын Анна Петряшеваның «Волнующий джаз» әнін дайындадық. Санат екі турдан сәтті өтіп, байқау дипломанты атанды. Анна Санат орындаған ән жазылған фонограмманы өзіне жіберуін өтінді, - дейді «Фантазия» вокал студиясының жетекшісі Любовь ИВАНОВА.

Бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың «Балаларға арналған жаңа ән», «Композиторлар балаларға», «Жыл жаңалығы», «Соғыс туралы үздік жаңа ән», «Үздік авторлық ән» номинацияларының лауреаты Анна ПЕТРЯШЕВАМЕН «Фантазия» ұжымы бірнеше жылдан бері бірге жұмыс жасап келеді. Студия репертуарында «Человек-чудак», «Всё ли можно сосчитать», «Шарики воздушны» және т.б. сияқты Аннаның көптеген әндері бар. Анна өз әндерін кіші және орта жастағы балаларға арнап шығарады, шығармалары әдемі, таза, балаларға түсінікті.

Анна арасына Санаттың орындауындағы ән де кірген 55 заманауи балалар эстрадасының хиты жазылған дискіні салып жібергенде таңырқамаған адам болмаған шығар. Осылайша қызымыз «Жұлдыз балалар 2015» халықаралық музыка жобасының қатысушысы атанды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.