Атырау, 19 мамыр 03:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әскери оқу орнына түскіңіз келсе...

6 791 просмотра

Image 0Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы капитан Мақсот ОРЫНБЕКОВТЫҢ айтуынша, 2015 жылы әскери оқу орындарына қабылдау ережелерінде кейбір өзгерістер енген.

Мәселен, бұрын жоғары және орта әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін ҰБТ-да немесе талапкердің кешенді тестілеуінде таңдау пәні физика ғана болса, биыл оған география, дүние жүзі тарихы, химия, биология, ағылшын тілі пәндері қосылды. Бұрын армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі жалғыз Астанада болса, биыл мұндай мектептер Алматы, Қарағанды және Шымкентте ашылған. «Жас ұлан» мектебіне бұрын 6-7 сыныпты бітірген балалар ғана қабылданса, биыл 9-сыныптан кейін қабылданады.

Бұдан бөлек, өзінің болашағын армиямен байланыстырғысы келетіндер 11-сыныптан кейін Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің әскери институтына, Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бегелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына, Алматы қаласындағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына, Щучинск қаласындағы ҚР қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусына оқуға түсе алады.

Айнұр САПАРОВА

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.