Атырау, 26 сәуір 10:07
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Аудан жаңалықтары

2 609 просмотра

Image 0Шоқпартоғайда жаңа емхана

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылында заманауи жабдықтармен қамтылған 50 кереуеттік жаңа емхана ашылды.

Емхана құрылысын «Марелстрой» ЖШС жүргізді.

***

Балабақша тапшы

Құлсары қаласында 40 балаға арналған жекеменшік балабақша ашылды.

Биыл қалада тағы тоғыз балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жылыой ауданында балабақша жасындағы баланың саны - 11 мың болса, олардың 2 мыңға жуығы ғана балабақшамен қамтылған.

***

Күнге күйіп кеткен

Қызылқоға ауданында аптап ыстықта 5 117 га шабындық алқабы өртенген.

***

Ол қаржыға байланысты

Атырау-Индер тас жолының күрделі жөндеуі аяқталды.

Осыған байланысты Индербор тұрғындары екі шақырым кірме жолдың қашан жөнделетінін білгісі келеді (суретте).

- Бұл жолды жөндеу жұмысының сметалық-жобалық құжаты дайын. Енді тек экспертизадан өтуі қалып тұр. Жөндеу жұмысының қашан басталатынын нақты айта алмаймын, - дейді аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Орынғали ХАСАН.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.