Атырау, 28 қараша 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Отқа емес, шұжық жасауға жіберілуде

1 515 просмотра

Қызылқоға ауданында бруцеллезбен күрес жалғасуда.

Соңғы ақпарға қарағанда, бруцеллез жұқтырған малдар әлі толығымен жойылып бітпеген - тексеріс әлі жүріп жатыр. Қой мен ешкі арасында індет көп тараған Тасшағыл ауылындағы Қ. Досығалиев, Миялы ауылындағы Б. Нысанбаев көшелеріне округ әкімдерінің шешімдерімен шектеу жарияланыпты. Бүгінде бұл жерлерде 273 ірі қара, 1 399 қой-ешкіден бруцеллез табылған.

Бұрын бруцеллез жұқтырған малды егу арқылы өлтіріп, арнайы қазылған шұңқырларда өртейтін. Енді малды термиялық өңдеуден өткізіп, мал сою цехтарына тапсырады.

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығының қосымшасына сәйкес, ауру малдар облыс анықтаған арнаулы орындарға тапсырылатын болып шешілді, - дейді аудандық ветеренария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВ. Жергілікті әкімдік пен мал сою цехтарының арасындағы екі жақты жасалған меморандумға сәйкес, мал иелеріне малдың орташа айлық нарықтық құнының 50 пайызы жергілікті бюджеттен, ал қалған жарты пайызын етті қабылдаған орын тарапынан төленетін болып келісілді.

Ірі қара мал «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою цехы мен «Карат» ЖШС-нің етті қалбырлау цехына тапсырылуда. Сонымен бірге, мал союмен «Мерей» шаруа қожалығы мен Сағыздағы ЖК «Абжетовтың» мал сою цехы айналысуда. Ал қой мен ешкіні Ганюшкиндегі «Құрманғазы СДО» ЖШС-не тапсыруда.

Бүгінде мал иелеріне төленетін өтемақы үшін жергілікті бюджеттен 3 млн 200 мың теңге бөлінген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.