Атырау, 28 қараша 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Иесіз көпір

2 930 просмотра

Image 0Бұдан бес жыл бұрын Жайық өзенінің үстінен Индербор кентінде 4,5 млрд теңгеге ұзындығы 700, ені 14 метр болатын алып көпір салынған болатын.

Бастапқы екі жылда көпір Индербор кенті әкімдігінің теңгерімінде болды. 2013 жылдың 28 мамырында шыққан облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ «Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Индер ауданына кіреберіс 7,2 км кірме жол мен көпір облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының басқармасының теңгеріміне берілсін делінген. Бірақ, ол орындалмады, содан бері көпір ешкімге керек емес болып, иесіз тұр.

Көпірдің жағдайы жыл өткен сайын нашарлап барады. Жүргіншілер өтетін жолмен жүру қауіпсіз емес, бірнеше жерлерде терең шұңқырлар пайда болған (суретте). Көшенің жарық шамдары қыста жиі сөнеді. Көпірді күтіп-ұстау үшін үстін сыпыруға бір жұмысшы шығарылған.

- Жақында бюджеттен 1 млн 200 мың теңге бөліп, көпірдің жер актысы мен техникалық паспортын алдық. Жобалық-сметалық құжаты дайын, қазір біз жөндеуге қаржы бөлуді қарастырудамыз, - дейді Индербор кентінің әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.