Атырау, 28 қараша 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​ҚМГ итальяндықтармен бірге барлауға шықты

1 714 просмотра

Image 0«ҚазМұнайГаз» «Исатай» учаскесінде бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы хабарлама Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды.

«Исатай» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясында Бозащы жартыаралының жағалауынан солтүстікке қарай 45 шақырым жерде орналасқан. Жұмыс ауданындағы теңіз тереңдігі 6-7 метрді құрайды. Учаскеге 90-шы жылдары халықаралық «ҚазақстанКаспийшельф» консорциумының геофизикалық жұмыстары шеңберінде геологиялық-геофизикалық зерттеу жүргізілді. Кейбір мәліметтер бойынша «Исатай» учаскесіндегі жалпы перспективалы геологиялық ресурстар 468 млн тонна мұнай деп бағаланады, бұл барлау жұмыстарын мақсатсыз деп есептеуге мүмкіндік береді. Бұдан бұрын хабарланғандай, «Исатай» кенішіндегі барлау мен өндіру жұмыстарын ірі итальяндық мұнай-газ компаниясы Eni мен ҚМГ бірлесіп жүргізетін болады. 2009 жылы шілдеде компаниялар арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, сәл кейінірек, «Исатай» геологиялық-барлау жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Біз комментарий алу үшін ҚМГ баспасөз қызметіне жүгіндік. Өкінішке орай, жолданған жауапта қандай да болмасын толыққанды ақпарат айтылмаған: «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Исатай» блогын бүгінгі күні әлі кеніш деп атауға болмайды, әзірге шикізат қоры туралы да алдын ала айту ертерек. Көмірсутек шикізатының сапасына қатысты оны тек ойдағыдай барлап, әрі қарай блокты ықтимал бағалаған жағдайда ғана анықтауға болатынын атап өтеміз.

2015 жылғы 26 маусымдағы бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес, «Исатай» блогында барлау кезеңі келісімшарт жасалған күннен басталды және 6 жылға қоса бір рет ықтимал ұзартылатын 2 жыл мерзімді құрайды. Барлау кезеңіндегі жұмыс кестесі мен көлемі келісімшарт бойынша жасалған жұмыс бағдарламасында бар. Бұл кезеңде негізгі жұмыстар сейсмикалық барлау және іздеу ұңғымасын бұрғылау болып табылады. «Исатай» жобасындағы инвестиция көлемі блоктағы барлау нәтижелеріне тікелей байланысты».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.