Атырау, 6 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оқиғалар тізбегі

1 824 просмотра

Image 0

Авангард тұрғыны полицияға 8 шілдеге қараған түні Авангард 3-ықшамдағы супермаркеттің жанында оны жақын маңдағы үйлердің бірінде тұратын 45 жастағы тұрғынның ұрып-соққанына шағымданды.

***

Шілденің 8-іне қараған түні Химпоселке маңындағы көлік жөндеу орындарының бірінен «Ауди» көлігі ұрланды. 29 жастағы күдікті ұсталды.

***

Шілденің 7-де кешкісін Құлсары қаласында үй жанында тұрған «Фольксваген Венто» көлігі ұрланды. Кешікпей полицейлер қала орталығынан көлікті тоқтатты, оның рөлінде қожайынның 40 жастағы мас туысы отырған. Тергеу жүргізілуде.

***

Шілденің 8-не қараған түні Индербор поселкесінде полицейлер мас күйде көлік жүргізген «Лады» ВАЗ-2112 көлігінің 31 жастағы жүргізушісін ұстады. Бір қызығы, ол бұрын осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

***

«Ақтөбе-Маңғышлақ» пойызында Сай-Өтес станциясында 30 жастағы жолаушының құны 165000 теңге болатын ұялы телефоны жоғалып кетті. Ақтау станциясында желілік ІІБ қызметкерлері Атырау қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жасаған әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалды.

***

Құрманғазы АІІБ қызметкрелері Ганюшкинде тексеру кезінде үш жолаушыдан марихуана салынған пакетті тапты. 24 жастағы жігіттен 480 грамм, оның құрдасынан 460 грамм, 38 жастағы ер адамнан 380 грамм табылды. Ұсталушылардың барлығы - РТС тұрғындары. Тергеу жүргізілуде.

***

Шілденің 11-де күндіз Балықшы поселкесіндегі азық-түлік дүкенінде 33 жастағы ер адам сатушыны алаңдатып, күндізгі түсім – 240 мың теңге салынған сөмкесін ұрлап алған. Ұрыны ізін суытпай «Батыс» полицей жасағы ұстады. Заттай айғақ алынды.

***

Қалалық №2 бөлімге 36 жастағы қала тұрғыны шағымданды: 2013 жылдың мамырында 52 жастағы әйел жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін сатуға уәде беріп, 720 мың теңгесін алып, ғайып болған. Іздеу жарияланды.

***

Таңертең ертемен Ганюшкин селосында Атырау қаласы тұрғынының машинасынан ол ұйықтап жатқан кезде 200 мың теңге жоғалған. 24 жастағы жергілікті тұрғын ұрлық жасады деп күдіктелуде. Оған іздеу жарияланды.

***

Шілденің 12-де кешкісін Атырау-Құлсары трассасының 12-ші шақырымында шайхана алдында тұрған «Лада Гранта» көлігінен бейнетіркегіш қолды болған. Ал шайханадан нарды ұрланған. Ұрлық жасады деген күдікпен Құлсары қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.

15 шілде 2015, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.