11 шілде күні таңертең Исатай ауданы Тұщықұдық ауылының 40 жастағы тұрғынының үстінен найзағай түсіп, соның салдарынан ол көз жұмды.
Қайғылы жағдай марқұм үйінің ауласында жүргенде орын алған. Үйдегілер оны үйге кіргізіп, ауыл дәрігерлерін шақырған. Алайда, алған күйігі өте терең болғандықтан ол бірнеше минуттардан соң қайтыс болды. Оның артында әйелі және төрт баласы қалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА