Атырау, 25 қараша 23:03
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иран және келіссөзшілер «алтылығы» ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол жеткізді

2 445 просмотра

Image 0Алматы. 14 шілде. ҚазТАГ – Иран және халықаралық дәнекерлердің «алтылығы» (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ) ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

«Халықаралық келіссөзшілердің «алтылығы» және Иран Венада ядролық проблема бойынша келісімдерге қол жеткізді. Айырбасқа Тегеранға қатысты санкциялар жұмсартылатын болады», - делінген жариялымда.

«Барлық мәселелер бойынша мәмілеге қол жеткізілді. Келіссөздердегі ауыр жұмыс ақталды және ядролық келісім жасалды, алдағы уақытта тараптар нәтиже жайын жария етеді», - деді дипдереккөз.

Келісімнің егжей-тегжейлері әзірге хабарланбайды.

ЕО сыртқы саясат қызметі мск 11.30-да өтетін «алтылық» пен Иран СІМ басшыларының ақырғы алқа отырысының шақырылатындығы туралы ресми жариялады.

Хабарланғандай, келіссөздердің аяқталуы жөніндегі ақырғы мерзім осыған дейін бірнеше рет кейінге шегеріліп келген еді. Өткен аптада ирандық СІМ басшысының орынбасары Сейед Аракчи халықаралық келіссөзшілермен келісім жасасуға кедергі болып тұрған шешуші қайшылық Батыстың Иранға қарсы қару эмборгосы бойынша позициясы болып табылатынын мәлімдеген.

Келісімдер тәмамдалғаннан кейін Тегеранға қарсы санкциялар біртіндеп алынып тасталады деп күтілуде. Ислам республикасы осының өзінде санкциялар алынып тасталғаннан кейін мұнай экспортының дереу ұлғайтылуы жөнінде жоспарларын мәлімдеген болатын – күніне 1,2 млн баррельден 2,3 млн-ға дейін.

Дереккөз: ҚазТАГ

14 шілде 2015, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.