Кезінде «Ақ Жайық» алғаш боп жазған «Қария-бала» Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫҢ тағдыры бұрынғыша көпшілігін қызықтырады. Ол қазір бала емес, жасы 24-те, соңғы күндері әлеуметтік желілер Нұржанның үйлену тойына шақыру билетінің көшірмесіне лық толы. Адамдар мұқырлық жігіт үшін қуанып, жас жұпқа бақыт тілейді.
– Иә, шынымен де тойымыз 7 тамызда болады, - деп растады Нұржан бізге телефон арқылы. - Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ Бірінші арна жүргізушісінің келуіне қатысты келіссөздер жүргізуде (төрт жыл бұрын «Пусть говорят» бағдарламасының жүргізушісі Андрей МАЛАХОВ Нұржанға арналған хабарда оның тойына келемін деп уәде берген болатын – Л.С.).
Қазақ дәстүрі бойынша өтетін тойда 400 адам болады.
– Қазір ауылдамын, тойды ұйымдастыруға байланысты шаруалар көп. Малаховтан басқа шалғайдағы меймандардан маған ота жасаған алматылық емхана дәрігерлерін шақырдым, - деп әңгімелейді Нұржан. – Ата-анамда бәрі жақсы. Осы жерде, ауылда тұрғымыз келеді. Қанша дегенмен үлкен ұлмын ғой. Ал менің болашақ зайыбым ата-анамның тұңғыш келіні болмақ. Ал ініме үйленуге әлі ерте. Қалыңдығымның есімі Әсемгүл, Құлсарыдан, оқуын бітірді, бірақ әзірге жұмыс табылған жоқ. Өзім музыкант болып жұмыс істеймін, топпен бірге өнер көрсетемін. Қазір маған көпшілігі қоңырау шалып, алдағы үйлену тойым туралы әңгімелеуді өтінеді, соның ішінде орталық республикалық арналар да бар. Бәріне де 27 шілдеде Атырауға барып, баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отырғанымды айтам.
Естеріңізге салсақ, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының тұрғыны Нұржан Өркешбаев бала кезден прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқатына шалдыққан. 2011 жылдың желтоқсанында «Ниссамед» емханасында 2 кезеңді кешенді косметологиялық операция жасалды. Содан кейін ол едәуір «жасарып қалды». Сол кезде дәрігерлер сыртқы қартаюдан өзге Нұржанның ағзасында ешқандай қайтымсыз процесс жүріп жатпағандығына сендірген болатын.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА