Атырау, 25 қараша 22:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нигерия президенті «Боко Харамға» қарсы тұра алмаған әскери басшыларды қызметінен босатты

1 638 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерия президенті Мохаммаду Бухари «Боко Харам» содырларына қарсы тұра алмағандықтан сынға іліккен Нирегия Армиясының басшысы, флот және әскери әуе күштерінің жетекшілерін қызметінен босатты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Енді Нигерия Армиясын Тукур Юсуф Буратаи басқарады. Ол «Боко Харам» содырлары қазіргі уақытта белсенді әрекет етіп жатқан солтүстіктегі Борно штатында туған.

Өткен аптада ғана содырлар кем дегенде 250 нигериялықты өлтірді.

Құқық қорғаушылардың есептеріне сәйкес, соңғы алты жылда қаніпезерлердің қолынан 10 мың жазықсыз адамның қаза тапты.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Боко Харам» «Ислам мемлекеті» тобына адал болуға ант берді. Олар өздерін «Ислам мемлекетінің Батысафрикалық провинциясы» деп атады.

Дереккөз: inform.kz

14 шілде 2015, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.