Атырау, 23 қараша 05:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Шаңырақтың» биылғы жазы

5 561 просмотра

Моншақтан жасалған гүлдер, қажет емес жаймалар мен жейделерден тігілген қызылды-жасылды жамылғылар, шеберлікпен кестеленген картиналар және тағы да басқа әсем бұйымдарды отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілері өз қолдарымен жасап шығарады.

Әдетте біздің балалар жазда лагерьге екі топқа бөлініп барады. Бірақ биыл Железноводскіде тек бір топ қана демалды. Олар қазір оралды. Балалардың бос уақыттары көп. Жазда іштері пыспас үшін жазғы еңбек лагерін ұйымдастыруды ұйғардық. Әрбір ниет білдіруші қолөнермен айналыса алады, - дейді балалар ауылының директоры Гүлсара БОТАТАЕВА.

Өткен жылы балалар ауылының балалары Алғыс айту күнінде демеушілеріне сыйлық әзірлеп, өз қолдарымен моншақтан жасалған гүл жасады. Биыл алдын ала шыны моншақтардан жалт-жұлт еткен гүлдер дайындауды ұйғарды. Алдымен гүл тоқуға қыздар кіріссе, олардың қызықты бұйымдарын көріп, ұл балалар да қосылды.

Мұндай еңбекті көп қажет ететін жұмыс тек ұсақ моториканы ғана емес, шыдамдылықты, ыждағаттылықты қалыптастырады. Ал бұл салмақтырақ жұмыс, - деді Гүлсара Аманғалиқызы түрлі түсті жамылғыны көрсетіп. – Біз пэчворк техникасын – құрақ тігуді меңгеруді ұйғардық. Бұл да ыждағаттылықты, көп тер төгуді, мұқият болуды және қиялды қажет ететін жұмыс. Ескі жейделер мен жаймаларды қолдандық. Қыздар оны бірдей құрақ етіп қиды, содан соң тігін машинасымен мұқият қайып тігіп шықты. Рас, бастапқыда энтузиазм аз болды, бірақ олар қандай керемет бұйым шығып жатқанын көре бастаған кезде, құлшына кірісті. Енді олар бұл істен бас алмай жасауда. Әрбір жамылғы кешікпей балалар тұратын дивандарда құрметті орын алады.

Таяу уақытта балалар еденүсті құмырасына арнап, матадан үлкен гүлдер әзірлеуді қолға алмақ. Ол да үйлерін әсемдеп тұрады. Тағы да ойға алған жоспарлары көп.

Сондай-ақ, биыл балалар ауылын мекендеушілер өз аулаларын нағыз бау-бақшаға айналдыруды ұйғарған. Айтылды-бітті. Бүгінде олардың атыздарында аскөк, ақжелек, балдыркөк, жуа, қызылша, сәбіз бар.

Мұны балалар өздері отырғызды, қазір әрбір үй өз атыздарына өздері күтім жасайды. Бүкіл маусым бойына өз қолдарымен еккен жасыл дәмдеуіштер қосылған салаттарды жеп шықты. Олардың мақтанышын көру керек еді. Ал қазір қияр мен қызанақтардың пісуін асыға күтіп жүр, - деп көрсетті жасыл көшеттерді Гүлсара Аманғалиқызы. – Рас, бұлардың бәріне күтім жасау оңай емес. Өткен жылы біздің ауламызға жаңа суарма жүйесін жалғады. Бірақ суару үшін жеткізілуі тиіс бағбаншылық қоғамынан бізге су келмейді. Балалар күн сайын атыздарды су сепкішпен құюға мәжбүр. Басқа амал жоқ.

Балалардың ерекше мақтанышы – еріктілердің күшімен салынған қоян күрке. Балалар оны мекендеушілерге жақсы қарайды. Тіпті қояндардың рационында үнемі жасыл-желек болу үшін ауланың шағын учаскесіне жоңышқа сеуіп тастаған.

Балалардың өздері осы жазда іштері пыспайтынын айтады. Ең бастысы – осы шаруашылықтың барлығы оларды машақатқа түсірмей, тек қуантатындығы.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

14 шілде 2015, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.