Атырау, 28 қараша 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа клуб, ескі бапкер

2 806 просмотра

Image 0Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау бөлімшесінде жаңа «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубын құру жөнінде баспасөз конференциясы өтті.

«КӨП МӘСЕЛЕЛЕР ЖИНАҚТАЛЫП ҚАЛДЫ»

Бірінші болып облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Нұржан ЕРМҰХАНОВ сөз сөйледі:

- Үстіміздегі жылғы 26 маусымда облыс әкімінің қаулысымен “Бейбарыс-Атырау" шайбалы хоккейден облыстық кәсіби спорт клубы» КМҚК құрылды. Бұған облыстық хоккей федерациясының президенті Бөріхан БЕРКІМБАЕВТЫҢ өтініші негіз болды. Жаңа хоккей клубының директоры ретінде Нұржан ӨТЕПБАЕВ тағайындалды.

10 шілдеде «“Атырау Барыстары" спорттың ойын түрлері бойынша облыстық командасы» КМК-ның жарғысы КМК қызметі түрлерінен «хоккей» деген сөз алыну жолымен өзгертілді. Осылайша, “Атырау Барыстары" клубы тек баскетболмен ғана айналысады. «Бейбарыс-Атырау» ХК бұйрығымен команданың бас бапкері болып Александр ИСТОМИН тағайындалды. Біз осы кездесуге «Атырау Барыстары» клубының директоры Болат МҰХАМБЕТҚАЛИЕВТЫ шақырған едік, өкінішке орай, ол келмеді.

Облыстық хоккей федерациясының президенті Б. Беркімбаев сөз алды:

- Атырауда хоккей 2009 жылдан бері кәсіби түрде «Атырау Барыстары» баскетбол клубының базасында дамып келе жатыр. Алайда уақыт өтеді, талаптар өзгеріп жатыр. Алты жыл ішінде клуб үлкен табыстарға жетті: ҚР чемпионатында 1 «алтын» және 2 «күміс» алдық. Биыл да «мәмлүктер» жүлделі орынға ие бола алар еді. Осы жеңістердің бастауында бапкер Александр Истомин тұрғанын ұмытпауымыз керек.

Биыл кадрлардың тұрақсыздығы мен ұжымның моральдық-психологиялық ахуалы сияқты көп мәселелер туындады. Мен облыстық федерация президенті ретінде жанкүйерлердің мазасыздануы себепсіз емес екенін көріп отырмын. Атырауда хоккей үлкен қызығушылыққа ие. Атыраулықтар әр матчқа киноға келгендей, отбасымен, достарымен келеді.

Енді жаңа директор, «ескі жаңа» жаттықтырушыны тағайындағаннан кейін барлық мәселелер шешіледі деп ойлаймын. Сонымен қатар біз құрамына хоккей клубының белсенді жанкүйерлері де кіретін қамқорлау кеңесін құрғымыз келеді, яғни бірге отырып, мәселе шешеміз. Клубта орын алған проблемалардың туындауына менің де кінәм бар. Барлық өткір мәселелерді шешеміз. «Бейбарыс» командасын құрғаны үшін Болат Мұхамбетқалиевке, Бұхар Нұрсұлтановқа зор алғыс айтамыз. Бізге қолдау көрсетіп, қиын уақытта үлкен қаржы бөлген облыс әкіміне көп рахмет. Егер клуб директоры, жаттықтырушылар мен ойыншылар арасында түсіністік болса, команда нәтиже көрсетеді деп ойлаймын.

Егер күндердің бір күнінде Атырау хоккейінің жылнамасы жазылатын болса, Александр Истоминнің аты ең басында тұратын болар. Бізге түрлі жаттықтырушыларды ұсынды, алайда мен, федерация президенті ретінде, бүгінде Истомин өз орнында отыр деп есептеймін.

«БАРЛЫҒЫН ИСТОМИН ШЕШЕДІ»

«Бейбарыс-Атырау» клубының директоры Нұржан ӨТЕПБАЕВ Атырау тұрғындарына хоккей қуаныш сыйлауы үшін клуб басшылығы, жаттықтырушылар штабы бәрін жасайтын болады деп жиналған журналистер мен жанкүйерлерге сөз берді.

- Біз сенімдеріңізді ақтаймыз. Біз хоккей клубы жанкүйерлерге керек екенін түсінеміз.

«Бейбарыс-Атырау» командасының бас жаттықтырушысы А. Истомин облыс басшылығы мен жанкүйерлерге сенім білдіргендері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, өзінің бұрынғы ұжымымен қоштасты:

- Осы уақытқа дейін командаға қосылған барлық ойыншылар кетпейді, барлық өзара жасалған келісімшарттар орындалатын болады.

Сөзінің соңында астарлап:

- Ақымақтар қоршау салса, ақылды адам көпір салады, - деді.

Жақында ғана тағайындалған «Бейбарыс» командасының бас бапкері, чех маманы Ладислав ЛУБИНАНЫҢ тағдыры туралы сұраққа ешкім жауап бермеді. Н. Ермұханов «Жұмыс барысында шешеміз» дей салды. Ал «Бейбарыс» хоккей командасының бастығы (енді бұрынғы бастық) Бұхар НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ айтуынша, чех «Бейбарыс» командасымен бірге Мәскеу түбінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

- Бұл ойыншылардың тағдыры қалай болмақ? - деп біз Н. Ермұхановтан сұрадық.

- Барлығын Истомин шешеді. Біз Қазақстан хоккей федерациясының басшылығына хабарласып, жаңа өтінім беретініміз жөнінде айттық. Олар бізбен келісіп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

13 шілде 2015, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.