Атырау, 19 мамыр 10:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жағалаудағы жалғыз пикетші

2 100 просмотра

12 шілдеде орталық көпір астындағы жағалауда облыстық және қалалық әкімдіктер арасында Атыраудағы су тарифінің 1 тамыздан бастап көтерілуіне наразылық белгісі ретінде Атырау тұрғыны Талғат АЯННЫҢ бір өзі пикетке шықты («Су жартылай қымбаттады»).

- Мен бұл пикетке тарифтің көтерілуіне қарсы болғандықтан шықтым, - дейді пикетші. – Бұл антихалықтық шешім деп есептеймін. Өйткені қазір дағдарыс орын алуда. Атырауда көп жобалар жабылып, адамдар жұмыстарынан айырылып жатыр. Осындай жағдайда су тарифін көтеру шешімі түбегейлі дұрыс емес. ТМРАД-ты, жергілікті билікті оны жоюға шақырамын. БАҚ арқылы осы күннен бастап су тарифін көтеру шешімін жою жөніндегі өтінішпен Атырау тұрғындарынан қол жинай бастаймыз. Барынша көп қол жинауға тырысамыз. Ал егер біздің талабымыз орындалмаса, сотқа жүгінеміз.

Оншақты адам пикетшіні ұялы телефондарына түсіріп алды. Менің бақылауымша, «штаттық адамдар» да болды. Т.Аянның пикеті жиырма минутқа созылды, содан кейін ол плакатын жинап, кетіп қалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

13 шілде 2015, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.