Атырау, 25 қараша 22:55
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бангладеште тегін киімге таласу кезінде 17 адам қаза тапты

1 654 просмотра

Image 0Бангладеште тегін киімге таласу кезіндегі қыспақтан 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды BBC Russian жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, елдің солтүстігінде орналасқан Мименсингх қаласындағы темекі фабрикаларының бірінің иесі кедейлерге тегін киім таратуды ұйымдастырған. Нәтижесінде фабрика ғимаратына жүздеген адам келіп, қақпаның алдында адамдар арасында сығылысу пайда болған. Қазіргі уақытта полицейлер 7 адамды қамауға алды. Олардың ішінде фабриканың иесі де бар. Билік қаза тапқандардың санының ұлғаюынан қауіптеніп отыр.

Айта кетейік, Рамазан айында Бангладеш елінің ауқатты адамдары кедейлерге тегін киім таратуды жиі ұйымдастырады.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 шілде 2015, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.