Атырау, 7 мамыр 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Үш дос көпірден секірді

2 390 просмотра

Image 09 шілдеде кешкі сағат жетілерде Атырауда бәстескен үш ер адам айналма көпірден қатар секірді. Екеуі жағалауға аман-есен жүзіп шықты, біреуіне көмек қажет болды.

ТЖД-ға айналма көпір маңында ер адамның суға батып бара жатқаны туралы құпия қоңырау келіп түскен. Судан құтқару қызметінің қызметкерлері «Виндбот-47» мотоқайығымен оқиға орнына жетіп, өзен ортасынан суға бата бара жатқан ер адамды көрген.

Ер адам мас екен, құтқарушылар оны катерге көтеріп шығара алмаған, қолынан ұстап жағалауға сүйреп шығарған. Ол жасы 30-да екенін, оқиға орнына жақын маңда – Огородный көшесінде тұратынын айта алған. Екі досымен бірге бәстесіп көпірден секірген екен. Құтқарылған жігіт сол жерге жеткен жол-патрульдік полициясының экипажына табысталды. Қалалық №2 полиция бөлімінде оған ҚР ӘҚтК-тің 440-бабында («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») қарастырылған құқықбұзушылық жасағандығы туралы хаттама толтырып, 19 820 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 шілде 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.