Атырау, 6 мамыр 04:32
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атыраудағы қыздар төбелесіне қатысты сот шешімі шықты

5 144 просмотра

Image 0Бейнежазбасы интернетті шарлаған Атыраудағы «Аспава» кафесінің маңындағы төбелеске қатысқан қыздардың біреуіне ұсақ басбұзарлығы үшін айыппұл салынды.

Алдымен ғаламторға қыздар төбелесінің бейнежазбасы түсті: бір-бірінің шаштарынан тартып жатқан екі қызды бір қыз арашалап жүр. Нәтижесінде үшеуі де жерге құлап, шаштасуларын жалғастыруда. Түсірілім сыртында оқиғаны телефон камерасына түсіріп, балағат сөздер айтып күліп жатқан жігіттердің даусы естіледі. Содан кейін жанжалдың қалай пайда болғанын көрсететін тағы бір бейнежазба пайда болды: қыздар кафеде сыра ішіп отырып, бір-бірімен ұрысып отыр.

- Бейнежазбадағы үш қыз да анықталды. Төбелеске қатысушы қыздар 27 жаста, ал айырып жүргені олардан екі жас үлкен. Жанжалға қатысушы бір қызға қатысты әкімшілік соттың шешімі шықты, ол ҚР ӘҚтК-нің 434-бабы («Ұсақ басбұзарлық») бойынша айыпталып, 19 820 теңге айыппұл арқалады. Екінші қатысушыға да осындай жаза қолданылады, алайда ол қазір Атырауда жоқ болып шықты, - дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА. Қыздар бір-бірінің үстінен арыз жазбаған, сондықтан да қылмыстық іс қозғалмайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 шілде 2015, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.