Атырау, 25 қараша 23:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа Зеландияда интернетте троллинг жасау қылмыс болып танылды

1 829 просмотра

Image 0Жаңа Зеландияда 13 шілдеде жаңа заң күшіне енеді, оған сәйкес, кибербуллинг (желіде қорлау) және онлайн-троллинг қылмыстық іс болып танылады. Бұл туралы Business Insider Australia басылымы хабарлап отыр. Ел парламенті Harmful Digital Communications Bill (ағылшын тілінен - "Зиянды цифрлық коммуникациялар туралы заң") өткен аптада қабылдаған болатын.

Сонымен, жаңа заң бойынша Желіде қорқыту, үркіту немесе қорлау мәндегі сөздерді өзге қолданушыға қарата айтса оған айыппұл салынуы мүмкін, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, айдап салумен айналысатын, мазақтайтын және қорлайтын қолданушылар жауапқа тартылады. Заңда жалпы Интернетте өзге адамдарға әсер етеді делінген өзін-өзі ұстаудың 10 ұстанымы жазылды.

Жаңа ережелердің орындалуын сот пен құзырлы органдар бақылайды. The Verge басылымының мәліметінше, олар шағымдарды қарап, Facebook, Google және Twitter сияқты онлайн-алаңдармен өзара байланысқа түсіп отырады. Егер ереже сақтамаған адам 48 сағаттың ішінде өз пікірін өшірмесе аккаунты құлыпталады. Заң бұзған жеке тұлғаларға 33,5 мың доллар, ал заңды тұлғаларға 134 мың доллар көлемінде айыппұл салынады екен. Ал ерекше жағдайларда тіпті екі жылға түрмеге қамау да қарастырылған.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 шілде 2015, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.