Атырау, 28 қараша 18:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тағы бір ағылшынға айыппұл салынды

1 797 просмотра

Image 0Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қашаған жобасында рұқсат құжаттарсыз жұмыс жасаған Ұлыбритания азаматы Грей Крейг ДЭВИДКЕ қатысты шешім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі Грей Крейг Дэвидтің 2014 жылғы 15 мамырдан бастап 2015 жылдың 23 сәуіріне дейін жұмыс жасауға рұқсаты болғанын, бірақ соған қарамастан 2015 жылдың мамырында да жұмысын жалғастырғанын хабарлады. Бұл - ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 5-тармағында қарастырылған құқықбұзушылық.

Грей Крейг Дэвид жұмысқа орналасу рұқсатынсыз жұмыс жасауды жүзеге асыру арқылы келу ережесін бұзуда кінәлі деп танылып, оған 49 550 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ.

Естеріңізге салсақ, екі апта бұрын осындай құқықбұзушылықпен осы сомада Дэвидтің отандасы Кой Гавин ПАУЛҒА айыппұл салынған еді Ағылшынның Атыраудағы қырсық шалған аптасы»). Екеуі де Голландияда тіркелген БМТ АРГОСС Би.Ви. компаниясы филиалының қызметкерлері. Бұл құқықбұзушылықтар мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының осы компанияны жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 шілде 2015, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.