Атырау, 28 қараша 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Су жартылай қымбаттады

2 696 просмотра

Image 01 тамыздан бастап Атырау қаласындағы құбыр суы қымбаттайды: тұрғындар үшін - 48,4%, басқа тұтынушылар үшін - 67%. Бұл туралы облыстық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті хабарлады.

Судың бір «текшесі» тұрғындар үшін 68,28 теңгеден 101,33 теңгеге, басқа тұтынушылар үшін 189,7 теңгеден 316,72 теңгеге бір «секірді». Кәріздік жүйе қызметі тарифі де өсті: тұрғындар үшін бір «текше» 31,39 теңгеден 35 теңгеге және басқа тұтынушылар үшін 122,12 теңгеден 151,98 теңгеге қымбаттады. Тариф 2020 жылды қоса алған уақытқа дейін бекітілді.

Қымбаттау себептерін департамент келесідей түсіндірді: материалдар мен химиялық реагенттер бағаларының өсуіне байланысты «Атырау Су Арнасы» КМК шығындарының артуы; су тарифтерін қалыптастырудың жаңа механизмдерін енгізу бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру қажеттілігі; су құбыры желілерін және өндірістік активтерді жетілдіру және жөндеуге, қуат көзін үнемдейтін жабдықтарды сатып алуға бағытталған «Атырау Су Арнасы» КМК-нің инвестициялық бағдарламасы.

«Атырау Су Арнасы» өз қызметтері бағасын өсіргенде барлығы қанша табыс көреді? Бұл баптар қандай шығындарға жұмсалады? Жалпыүйлік есептегіштер алына ма?

«АЖ» осы сұрақтарды қойып, екі рет жазбаша сұраныс жіберсе де, департамент бұл сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Естеріңізге салсақ, осыдан бір ай бұрын «Атырау су арнасы» КМК авангардтықтарға қосымша есепшот таратты. Онда жеке есептегіш бойынша әдеттегі тұтынылған текше сумен бірге жеке және жалпыүйлік есептегіштердің арасындағы айырмашылықпен әр пәтердің үлестік төлемі ұсынылыпты Авангард «ұжымдық жауапкершілікке» қарсы» мақаласын қараңыз). Кейіннен кәсіпорын асығыстық жасағаны, «жаңаланған» есепшоттар тек маусым айынан кейін заңды болатыны анықталды «Атырау су арнасы» асығыстық жасаған» мақаласын қараңыз). Сол кезде АСА директоры Андрей ТАШЛЫКОВ 2015-2017 жылдар аралығында Атырау қаласының барлық көппәтерлі үйлеріне жалпыүйлік есептегіштер орнатылады деп мәлімдеген еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 шілде 2015, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.