Ирактың Мосул қаласында ауыз ашар беріліп, онда ДАИШ-тың ("Ислам мемлекеті") 45 содыры қырылып қалды, - деп хабарлайды "Хаарец" газетіне сілтеме жасаған Lenta.ru.
Ирактың атауы аталмаған медиаларына сілтеме жасаған басылымның мәліметінше ДАИШ-тың шамамен 145 содыры ауызашарға жиналған. Әзірше тамақтың уланған-уланбағаны белгісіз болып отыр.
Айта кетейік, мұндай ақпараттар өңірлік ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Мәселен, 2014 жылдың қараша айында Times of Iraq басылымы Сирияның еркін әскерінің ДАИШ лагеріне жетіп, өздерін аспаз деп таныстырғаннан кейін содырларды улап кеткен жағдайы болғанын жазды. Сол уақытта басылым 10 исламшының қаза болғанын жазды.
Дереккөз: tengrinews.kz