Атырау, 25 қараша 22:31
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хиллари Клинтон 20 долларлық купюрадан әйел портретін көргісі келеді

1 792 просмотра

Image 0АҚШ президенті қызметіне үміткер Хиллари Клинтон 20 долларлық купюраға әйелді бейнелеу идеясын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.

"Маған екі купюраның бірінде әйел бейнеленетін идея ұнамайды. Меніңше бұл жақсы ой емес. Әйелдердің өз купюралары болу керек деп ойлаймын", - деді ол. Клинтон америкалық ақшаларда бейнеленетін әйелді атаудан бас тартты, дегенмен оны 20 долларлық купюрадан көргісі келетінін мәлімдеді. Себебі АҚШ-та бұл кең таралған купюра.

Еске сала кетейік, осыған дейін 10 долларлық купюрада әйел бейнеленетіні хабарланған болатын. Мұндай идеяны АҚШ-тың қаржы министрлігі хабарлады. Жаңа купюралар 2020 жылы АҚШ Конституциясының 19-рет түзетілуіне, яғни әйелдердің сайлауда дауыс беру құқығын иеленуіне 100 толу мерекесіне арналып шығарылады. "Біз купюраларды аз өзгерткен жоқпыз. Мен 10 долларлық купюраға алғаш рет әйел бейнеленетіні үшін қуаныштымын", - деді АҚШ-тың қаржы министрі Джек Лью.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 шілде 2015, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.