Атырау, 28 қараша 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Алмас қашау және жұмыс орындары

3 337 просмотра

Image 0Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау филиалында мемлекеттік «100 қадам» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға арналған баспасөз конференциясы өтті.

«Жігермұнайсервис» ЖШС өз жобаларын табысты жүзеге асыратын компаниялардың бірі болып табылады. Оның өкілі Александр ЯКОВЛЕВ сәуір айында компанияның тапсырыс берушіге – «ҚМГ Бұрғылауға» - терең және аса терең (7 мың метрге дейін) мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған Қазақстандағы алғаш салынған бұрғылау қондырғысын бергендігін баспасөз конференциясында хабарлады. Компанияда осындай санаттағы бұрғылау қондырғысын дайындауға берілген жаңа тапсырыстар пакеті бар. «Жігермұнайсервис» ең алдымен осы қондырғылармен Қазақстанның нарығын толтырады, содан соң Ресей, Түркіменстан нарықтарына шығады деп жоспарланып отыр. Алыс шетелдерге жеткізу мәселесі талқылануда. Осыған байланысты кәсіпорында 12 млн долларға терең жаңғырту жұмыстарын жүргізу шешімі қабылданды. Бұл жоба 150-ге дейін жұмыс орындарын құруға, содан соң көлемді 500-ге дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

Өткен жылы «Жігермұнайсервис» елде алғашқы болып алмас кескіші бар қашау өндіре бастады. Кәсіпорын оның бір бөлігін өткізген, ал бір бөлігін өз мұқтаждығы үшін пайдаланады. Өйткені сервистік компанияларға бұрғылау жабдықтарын жалға беру қызметін көрсетеді.

– Біз қазақстандық нарықтың төрттен бірін алып отырмыз және өз үлесімізді 35 пайызға дейін көбейте аламыз. Жергілікті нарықпен шектелмей, біздің компаниямыз Ресейге қашаулар жеткізе бастады. Сапасы бойынша олар батыс аналогтарынан кем түспейді және 30 пайызға арзандау, - деп атап өтті А.Яковлев. – Бұдан басқа, «Жігермұнайсервис» көлденең ұңғымалар бұрғылауды телеметрикалық қолдауды дамытатын алғашқы қазақстандық компанияға айналды.

Айта кету керек, бүкіл әлемде көлденең ұңғымаларды бұрғылау басымды бағыт болып табылады. Бір жарым жыл ішінде біздің жабдықтардың көмегімен 120 ұңғыма бұрғыланды, оның 10-ы – көлденең ұңғыма. Бүгінде бізде көлбеу бағытталған бұрғылау бөлімінде 50 адам жұмыс істейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.