Атырау, 6 қазан 19:32
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ҚР дамыған елдер азаматтары үшін визасыз режим пилотты жобасын ұзартты

2 152 просмотра

Image 0"Қазақстан Республикасының осы қадамы аталған елдердің азаматтары үшін қолайлы визалық және инвестициялық климатты одан әрі кеңейтуге бағытталған", - делінген ведомство сайындағы хабарамада.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылғы 26 маусымда экономикалық дамыған елдердің азаматтары үшін ү.ж. 16 маусымынан бастап 15 күнтізбелік күнге дейінгі қолданыстағы визасыз режим туралы Пилоттық жобаны 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту және кеңету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының осы қадамы аталған елдердің азаматтары үшін қолайлы визалық және инвестициялық климатты одан әрі кеңейтуге бағытталған", — делінген ведомство сайындағы хабарамада.

Осы Жоба тізімі қазіргі уақытта 19 мемлекетті құрайды:Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Германия Федеративтік Республикасы, Жапония, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Малайзия, Монако Князьдігі, Нидерланды Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Сингапур, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы және Швеция Корольдігі Қаулыға сәйкес аталғанелдердің азаматтары барлық паспорт түрлері бойынша біздің еліміздің аумағына ү.ж. 16 шілдеден бастап ҚР шекарасынан өткен соң 15 күнге дейін келе алады.

Аталған елдердің азаматтарын тіркеу Республика аумағына кірген кезде казақстандық шекаралық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы бұл Пилоттық жобаны оған 10 мемлекетті кіргізіп, 2014 шілдеде өз бастамасымен енгізген болатын. Кейін олардың біреуі – Корея Республикасымен 30 күнге өзара визасыз сапарлар туралы келісім жасалды. Казақстан Үкіметі өзінің жаңа шешімімен бұл тізімге тағыда 10 елді қосты.

Осы Жоба сондай-ақ, алдағы екі жылға жоспарланған ірі халықаралық іс-шаралар, соның ішінде Астанадағы ЭКСПО-2017 және Алматы қаласында өтетін Қысқы Универсиада-2017 барысында шетелдік туристердің көптеп келуіне ағылуына оң ықпалын тигізеді деп санаймыз.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

1 шілде 2015, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.