Атырау, 21 желтоқсан 19:06
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Алабажақ желаяқтар

2 771 просмотра

Image 0Өткен сенбіде Атырауда қайырымдылық жүгірісі өтті. Шараны ТШО қолдауымен «Ынтымақ» қоғамдастығының даму бағдарламасының еріктілері ұйымдастырды. Мақсат – есту қабілеті бұзылған балаларға қол ұшын беру болатын.

6 шақырымдық жүгіріске 30 шақты адам жүгіруге ниет білдірді. Дистанцияның бес учаскесінде еріктілер желаяқтарға ұнтақ түріндегі гуал бояуларын шашты. Мәреге олардың бәрі түрлі түсті реңмен жетті. Дегенмен, бұл бояулар оңай жуылады.

«Атырау» ДСК-де басталған жүгіріс Жилгородоктағы жағажайда аяқталған. Ол жерде ниет білдірушілердің барлығы бір-біріне бояулар шаша алатын еді.

Жиналған 56 200 теңге (қатысушылар жарнасы мен бояулар сатудан түскен ақша) ұйымдастырушыларға есту қабілетінде проблемалары бар балаларға арналған интернаттың мектепке дейінгі тобының кабинеттерін жарақтауға бағытталды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.