Атырау, 28 қараша 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырау тұрғыны «Не? Қайда? Қашан?» үздіктерін жеңді

2 616 просмотра

Image 2Өткен жексенбіде ресейлік Бірінші арнада жүргізілген «Не? Қайда? Қашан?» ойынының жазғы сериясының финалдық ойынынан тікелей көрсетілім барысында Атырау тұрғыны Құралбек ҚАРМЫСОВТЫҢ сұрағы оқылды. Ойында білімпаздар жеңіліске ұшырап, Құралбек 530 мың рубль мен жазғы серияның үздік сұрағы үшін «Хрусталь үкіге» ие болды.

АМӨЗ-дің техникалық бөлімінің 26 жастағы инженерінің айтуынша, ол «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынына мектеп жасынан бері сұрақ жібереді екен:

- Бойымда бір қызығушылық болды. Алайда менің сұрақтарым ойынға қосылмады. Сол кездің өзінде телекөрермендердің сұрақтары қатаң іріктеуден өтетінін түсіндім.

Image 0

Жазғы серияның финалдық ойынында кеңес кезеңінен бері таныс ойын ардагері Виктор Сидневтың командасы өнер көрсетті. Құрамы да әккі ойыншылар: Александр Друзь, Борис Левин, Максим Паташов, Михаил Дюба, Леонид Тимофеев. Бұл топтың иелігінде 11 хрусталь және екі бриллиант үкі бар.

Атыраулықтың сұрағы 7-раундта шықты: білімпаздарға «кейбір жапон қалаларының муниципиалитеттері орыстың «Ручеек» ойынына ұқсас «Торянсэ» балалар әнін не үшін қолданады?» деген сұраққа жауап беру ұсынылды. Бір минуттық ақылдасудан кейін білімпаздар әнді билік ойын қағидаты сияқты қазылар алқасына үміткерлер таңдағанда қолданады деп жауап берді. Жауап дұрыс болмады.

Өткен жылы Жапонияға біліктілік арттыру курсына барған Құралбек жетекші технологияларға ғана емес, олардағы ерекше ұлттық нақыштарға таңғалып келген екен:

- Оқудан бос мезгілде қыдырдым, музейлер мен әртүрлі көрмелерге бардым. Мені жапон бағдаршамдары қатты қызықтырды, олардың жасыл түсі жанғанда міндетті түрде белгілі бір дыбыс шығарады екен. Бір жерде жәй ғана үзік дыбыстар шықса, бір жерде құстың шиқылдаған даусы шығады. Бұл зағип адамдарға арналған екен. Ал қалалардың бірінде бұл түс жанғанда ерекше бір жанға жағымды әуен ойналды. Жергілікті тұрғындар маған бұл «Торянсэ» балалар ойынында айтылатын ән екенін түсіндірді. Оны әр жапондық біледі. Бұл өте ыңғайлы - ән аяқталып келеді, жасыл түс сөнгенше асығу керек. Осылайша менің «Не? Қайда? Қашан?» ойынына жіберген сұрағым пайда болды.

Image 1

Құралбек бұл сұрақты клубқа бір жыл бұрын жіберіп, ұмытып та кеткен екен. Өзі жеңген ойынды қарамаған. Ұтысын келесі күні әлеуметтік желілер мен смс-хабарламалар арқылы достары жіберген құттықтаулардан біліпті.

- Мұндайды күтпеген едім! Әрине, қуаныштымын. Шынын айту керек, білімпаздардың жеңілгеніне де көңілім құлазыды, - деп мойындады жігіт.

Бұл оларға әріптес ретінде жан ашуы: өзі «Не? Қайда? Қашан?» клубының Атырау қалалық лигасында Бауыржан НҰРҒАЛИЕВТЫҢ командасында ойнайды.

Құралбек телебағдарлама редакторларынан «Не? Қайда? Қашан?» ойынының күзгі сериясының ашылуы салтанатына қатысу үшін Мәскеуге шақырту қағазын алыпты. Сол жерде оған «Хрусталь үкісін» табыс ету жоспарлануда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.