Атырау, 21 желтоқсан 19:03
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 123 просмотра

Баскетбол

Image 2№22 мектептің командасы (директоры С. Хабибуллина) Анапада өткен 2002-03 ж.т. жасөспірімдер арасындағы баскетбол фестивалінде қола жүлдеге ие болды.

Жарысқа Ресейден 12 және Қазақстаннан бір команда қатысты. «Атырау» командасы 7 ойынның бесеуінде жеңіске жетті. Василий Сафронов турнирдің ең пайдалы ойыншысы болып танылды. Сонымен қатар команда құрамында Мақсат Малдыбаев, Денис Аничкин, Дастан Қапизов, Юрий Джелали, Ян Астанин, Сергей Серов, Джавид Теймуров, Сұлтанбек Сафиев, Илья Кудряков, Ернар Шүкірәлиев және Араик Месрапян ойнады. Команданы Еркін Төлегенов жаттықтырады. Балалар мен олардың жаттықтырушысы жолсапарды қаржыландырғаны үшін«ISKER консорциумына» алғыс айтады.

***

Олимпиадалар

«Балықшы» ДСК-нде IV облыстық паралимпиадалық ойындар өтіп, тамыз айында Павлодарда болатын Қазақстан Паралимпиадалық ойындарға қатысатын спортшылар іріктелді.

Жарыстарға облыс қалалары мен аудандарынан 60-тан аса мүгедек спортшы қатысты. Бағдарламаға жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі және ату кірді.

Жеңімпаздар: ядро лақтыру – Тұрлан Қаратаев, Биғайша Махаева, көзі нашар көретіндер арасында (әрі қарай д.к.) – Разия Аманбердиева; найза лақтыру – Ерлан Бектеміров, Б. Махаева, д.к. – Арайлым Садрешова; диск лақтыру – Е. Бектеміров, Б.Махаева д.к. – Р.Аманбердиева; ұзындыққа секіру – Самат Есқалиев, Ләззат Молдабаева, д.к. – Р. Аманбердиева; 200 метрге жүгіру – Жасұлан Бисенов, Бақыт Өтешова, д.к. – Аман Ешімов, Р.Аманбердиева; 400 метрге жүгіру – Талғат Хами, Б. Өтешова; 1 500 метрге жүгіру – С. Есқалиев; жүзу – Екатерина Обратнова, Құрманғазы Абдулмұратов, Ержан Сәлімгереев; пауэрлифтинг – Әбілмәжен Сәрсенғалиев, Есбол Юриев, Қажымұқан Нұрмағам-бетов, Сырымбек Нығметов, Бақтыгүл Ғинаятова, Индира Назарбаева; үстел теннисі – Мәди Имаков, Мухадия Қуангереев, Нұржан Қасанов, Махамбет Насихан, Эльмира Балманова, Людмила Фокина; винтовкадан ату – Руслан Айтпаев, Күміс Жұмағалиева, тапаншадан ату – Қанат Шияпов және Б. Махаева.

«Атырау облысы мүгедектерінің спорт клубы» Паралимпиадалық ойындар өткізуге көмектескені үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына, «Азиякредит Банк» АҚ, «Г.А. Көшмұханов» ЖК және «Спортландия» дүкеніне алғыс айтады.

Сол жақтан оңға қарай: Облыстың жасөспірімдер бойынша аға жаттықтырушысы А. Лекеров, С. Талғатов және М. Матхатұлы

***

Күрес

Image 1Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау ауылында 1998-2000 ж.т. ауыл спортшылары арасында еркін күрестен ҚР чемпионаты өтті.

54 келіге дейінгі салмақта Индер ауданының Аққала ауылынан Сырбаз Талғатов қола медальға ие болды. 100 келіге дейінгі салмақта Құрманғазы ауданының Ганюшкино ауылының тұрғыны Мейірбек Матхатұлы «күміс» иеленді.

***

Карате

Image 3Атыраулық «Қайсар» спорт клубында дәстүрлі годзю рю карате бойынша ҚР шеф-нұсқаушысы Аман КАРМЕНОВТЫҢ (6-дан, 1994 жылғы әлем чемпионы) басшылығымен оқу-жаттығу семинары өтті.

Шеберлік сабақтары үш күн бойы жүрді. Спортшылар қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, күніне екі рет жаттығуға келді. Семинарға балалар мен жасөспірімдермен бірге дәстүрлі годзю рю каратенің 30 бен 55 жас аралығындағы ересек шеберлері де қатысты.

- Сенсей сөйлесу барысында жәйлі, тартымды болып көрінгенмен, татами үстінде тез және қатаң екен, - деп спортшылар алған әсерлерімен бөлісті. – Ол бізге окинавиялық дәстүрлі каратенің дұрыс тыныс алу, тұрыстары, қозғалыстары сияқты техникаларының негіздері мен мәнін түсіндірді, дене мен қол-аяқты шынықтыруға арналған дәстүрлі құралдарды пайдалану туралы айтты... Осының бәрін жеке іс тәжірибесіне ұштастыра білген Аман сенсейдің шеберлігі семинарды өте құнды етті.

Аман сенсей де семинардың ұйымдастырылуына риза болды. Оны, әсіресе, жергілікті каратешілердің годзю рюге қызығушылықтары қатты қуантты.

ҚР батыс өңірінің шеф-нұсқаушысы Айбат РАХМАН хабарлағандай, Атырауда қазан айында жапон шебері Тетцуи НАКАМУРА мен ағылшын шебері Эрни МОЛИНЬОНЫҢ қатысуымен халықаралық семинар өткізу жоспарлануда. Семинар аяқталғаннан кейін жоғары және қара белдік иелері арасында ирригиум дзю ережесі бойынша халықаралық турнир өткізілмекші. Англиядан, Түркиядан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Грузия елдерінен командалар келеді деп күтілуде.

***

Image 0«Мұнайшы» стадионының спорт залында годзю рю каратеден қалалық чемпионат өтті. Сайыстар Шобу-кумите ережелері бойынша өткізілді - бұл аяқпен, қолмен бақыланатын бір соққы жасау немесе лақтырып соғу.

«Қайсар» спорт клубының баспасөз хатшысы Ерлан ҚАБДУАЛИЕВТІҢ айтуынша, самурайлардың әдеттегі ұғымын-да бұл агрессордың қауіптілік деңгейіне байланысты бір нокауттық немесе өлімші соққы.

Жарысқа мектеп каникулына қарамастан, 100-ге жуық жас каратеші қатысты. Татамиге алғаш боп 5-тен 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер шықты. Зал жанкүйерлерге толы, көпшілігі – ата-аналар. Дәл осы жерде қыздар мен балалардың күш-жігерлері нығаятынын байқа-мауға болмайтын еді: тістеніп, күрделі тәсілдерді орындап, өз жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысты.

Балалар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша жас ерекшеліктері мен салмақ дәреже-сіне қарай бірінші және жүлделі орындарды төмендегілер иеленді:

5 жастағы балалар: Әли Мұхитов (1-орын). 6-7 жастағы балалар: Ильясин Ғизатолла (1-орын); Гарифбай Ниязов, Нұрәлі Сәбит, Максим Юн. 6-7 жастағы қыздар: Яна Павел, Мәлика Мұрат. 8-9 жастағы балалар: Дамир Боженко, Матвей Басманов, Тимур Донец (1-орын), Давид Хамицкий, Данияр Жамауов, Нұрдәулет Мұрат, Файзолла Батырғали, Айдын Қабдолов, Керей Мағауия, Никита Неледов (1-орын). 8-9 жастағы қыздар: Диана Айтжанова, Айнұр Мұрат. 10-11 жастағы балалар: Батыр Жанғабылов, Диас Исмағұлов, Әлижан Берден, Ибрагим Закариев, Нұрлан Бисембаев. 10-12 жастағы қыздар: Ұлмекен Жалғас.

Сайысты ұйымдастырушылар – қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Қайсар» спорт клубы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті «Қайсар» клубының баспасөз қызметі ұсынды

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.