Қазақстан Футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті 24 маусымда ел чемпионатының 17-туры аясында өткен «Атырау» және «Жетісу» командалары арасындағы ойынның («Аутсайдерден жеңіліс тапты» мақаласын оқыңыз) нәтижесін жойды. Бұл туралы «Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлады.
Себебі – матчқа литвалық легионер Гедиминас ВИЧЮСТІҢ ережеден тыс қатысуы (алаңдағы команда құрамында легионерлер саны бестен аспауы керек, ал «Жетісуда» 6 шетелдік ойыншы болған – М.С.). Талдықорғандық командаға 0:3 есебімен жеңіліс жазылып, жарты миллион теңге айыппұл салынды. «Атырау» командасына 3:0 есебімен жеңіс жазылып, сәйкесінше 3 ұпай қосылды. Осылайша, қазір «Атыраудың» еншісінде 34 ұпай, ол турнир кестесінде 3-орынға көтерілді.
Келесі матч 4 шілде күні «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Ертіс» (Павлодар) командаларының арасында өтеді. Басталуы сағат 19.00-де.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ