«Батпақтан қалай арыламыз?» жарияланымы жарыққа шыққаннан кейін біз Дүниежүзілік банктің пилотты жобасының шеңберінде ғасыр басында салынған дренаж жүйесінің тағдырын анықтауды ұйғардық.
Естеріңізге салсақ, Привокзальныйдан, сондай-ақ, Атырау қаласының басқа аудандарынан дренаж жүйесінің («дренаж дақтары») құрылысы 1999 жылы Атырау қаласын сумен қамту және кәріз жүйелерін оңалту, сондай-ақ, сол кездегі «Су арнасының» әлеуетін нығайту жөніндегі Дүниежүзілік банктің пилотты жобасы шеңберінде басталған еді. Жобаның жалпы құны - 20 млн доллар (1999 жылы 1$ 115 теңгеге тең болды). Осы қаржының бір бөлігі Привокзальныйдан көлденең дренаж жүйесін салуға, сорғы станциясын салуға, кәріз тұрбаларын ауыстыруға және жертөлелерді құрғатуға жұмсалды. Жоба 2004 жылы аяқталды.
Бізге 2000-жылдары мемлекеттік құрылыс бақылау басқармасында жұмыс істеген маманмен сөйлесудің орайы келді. Оның айтуынша, сол кезде нысан толық қабылданбаған:
– Привокзальныйдан көлденең дренаж құрылысы саңылауы бар пластик тұрбалармен жүргізілді. Құрылыс магистральды тұрбаға барып, әрі қарай сорғы станциясы арқылы булану алаңына кетеді. Бүкіл Привокзальный қамтылды, бұл 2001-2002 жылдар еді. Сол кезде облыс әкімі ДӘУКЕНОВ болатын. Жертөлелерді тазартумен қытайлықтар айналысты, цокольді қабаттардағы кәріз тұрбаларын қосқанда бүкіл коммуникацияларды жөндеді. Содан соң жертөлелердің суға толатыны-толмайтынын бақылады. Бірақ еш әсері болмады, су жиналып, тұрып қалды, сорғы станциясы жұмыс жасамады. Кейбір сорғы станциялары жұмыс істемей, булану алаңына ештеңе құйылмады. «Дренаж» КМК жабылғаннан кейін бүкіл нысандар «Су арнасына» берілді. Оның қазіргі ахуалы қандай екенін білмеймін. «Юность» артындағы, «Восток» ауданындағы бірнеше үйдің дренаж дақтары болды. Ол жерде суды кәріз құдығына батырмалы сорғы көмегімен тартып шығарды. Сорғылар жұмыс істеген кезде жертөлелер құрғақ болды. Сондай-ақ, дренаж жүйесі Баймұханов бойындағы АХАЖ маңында болды. Өздігімен ағатын лықсыма жасады, сорғысыз. Қазір ол жұмыс істеп тұр ма, жоқ па, білмеймін.
Біз «АтырауСуАрнасы» КМК-не пилотты жоба шеңберінде салынған қандай да болмасын дренаж жүйесі пайдаланылып жатыр ма деген сұрақпен хабарласқан едік.
Кәсіпорын директоры Андрей ТАШЛЫКОВТЫҢ айтуынша, «АтырауСуАрнасы» КМК Привокзальный, Сарыарқа, Восток, АХАЖ, драмтеатр, мешіт маңдарында, Азаттық даңғылындағы учаскелерде, Авангард ауданы, Сәтпаев даңғылы, 36 маңындағы учаскелерде жалпы ұзындығы 11,842 шақырым болатын дренаж жүйесін пайдаланады екен.
– Привокзальный, Сарыарқа, АХАЖ, драмтеатр, мешіт, Восток, Азаттық даңғылы, 21 маңында – көлденең дренаж. Авангардта, Сәтпаев даңғылы, 36 учаскесінде – тік дренаж. Барлық сорғылар жұмыс жасап тұр, - деп хабарлады А.Ташлыков. – Привокзальныйда бүкіл тұрғын үй массиві дренаж жүйесімен қамтылған. Сарыарқа ықшамауданында №№29, 30, 31, 32, 33 үйлер, АХАЖ маңында: Баймұханов көшесі, драма театр ауданы: Абай көшесінің бойындағы №№14а, 16а, 18а, 11, 13 үйлердің маңындағы, мешіт маңында: Құлманов-Тайманов көшелері, Восток ықшамауданында; Азаттық даңғылы, 21 учаскесінде: №№21а, 23а, 21 үйлердің маңында; Авангардта: 2-ші ықшамаудандағы №19 мектеп маңы, №16 үйдің маңы; Сәтпаев, 36: №36 үйдің маңындағы дренаж жүйелері жыл бойына жұмыс жасайды.
«АтырауСуАрнасы» КМК 2006 жылдан бастап дренаж жүйесін пайдаланады. Дренаж жүйелері қалалық ТКШ, ЖТ және АЖ бөлімінің балансында тұр.
– Кәсіпорын дренаж жүйелерін пайдалану кезінде қандай қиындықтармен бетпе-бет келеді?
– Дренаж құдықтарын жиі тазартып тұру керек.
– Шығындар ақтала ма?
– Дренаж жүйесі жерасты суларының деңгейін төмендету үшін қажет. КМК мәліметтері бойынша, 2014 жылы Атырау қаласында суды өткізу 14 287 100 текше метрді құрайды. Тиісінше, су бұру, яғни, кәрізге құйылатын су көлемі де осындай. Атап айтқанда, әңгіме кәріздің орнына септиктер орнатылған жеке сектор туралы болып отыр. «Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесіне» сәйкес, «ағындысы шұңқырға (септикке) немесе оқшау тазарту құрылыстарына бұрылған және кейін ол тасылып шығарылып, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын тұтынушылардың сарқынды су көлемі тұтынылған су көлемімен есептеледі».
Септиктен топыраққа қанша су кеткенін болжау ғана қалады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА