Индонезиядағы әуе апатынан қаза болғандардың саны 113 адамға жетті, - деп хабарлайды AFP. Олардың барлығы әуеде жарылған Hercules C-130 ұшағының бортында болған. Апат 2015 жылдың 30 маусымында Суматрада болды. Ұшақ жарылғаннан кейін қонақ үйге құлады.
Елдегі ВВС жетекшісі Агус Суприятнның (Agus Supriyatna) айтуынша, бортта болғандардың барлығы қаза тапқан. "Әуе апатынан ешкім тірі қалған жоқ", - деді ол жергілікті арналардың бірінің тікелей эфирінде. Бортта 113 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған. 49 дене табылды, олар ауруханаға жіберілді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Индонезияның астанасының провинциясы Солтүстік Суматра Меданда Hercules C-130 әскери ұшағы әуеде жарылғаннан кейін қонақ үйге құлағаны хабарланған болатын. Әуе кемесі Golden Eleve қонақүйіне құлаудан бұрын екі ғимаратты жанап өтті. Ұшақтың Медан әскери базасынан ұшып шыққаны және Натуна аралына бағыт алғаны анықталды.
Дереккөз: tengrinews.kz