Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.Шешенстандағы қазіргі жағдай Солтүстік Кавказда жаңа кең ауқымды қақтығыс туындауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Аймақтағы бейбітшілік "Мәскеу бүркемелейтін қуғын-сүргін мен бассыздыққа сүйенетін" Рамзан Қадыровтың басқаруынан сақталып отыр делінген "Халықаралық дағдарыс тобының" (International crisis center) бүгін Брюссельде жариялаған "Шешенстан: ішкі шетел" деп аталатын баяндамасында.
Баяндамада Шешенстандағы соттарға қысым, коррупция мен бопсалаушылық салдарынан адам құқықтарының өрескел бұзылатынына ондаған дәлел келтірілген.
Сарапшылардың пікірінше, зорлық-зомбылық Шешенстанның саяси билігі қоғамды толық бақылауда ұстау үшін қолданатын басты құрал болып отыр. Баяндама авторлары қазір Шешенстанның федералдық билік күштік құрылымдарды мүлдем бақыламайтын Ресейдің бірден-бір аймағы екенін айтады. Олар Шешенстанда күштік құрылымдар Рамзан Қадыровқа бағынған дейді.
"Халықаралық байланыс тобы" сарапшыларының пікірінше, Ресей мен Шешенстанды жаңа қақтығыстан сақтауы үшін және Шешенстан Ресей құрамы мен оның құқықтық аясына берік кірігу үшін Владимир Путин Рамзан Қадыров билігін тежеуі қажет.
Дереккөз: azattyq.org