Атырау, 25 қараша 20:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Беларусия президентінің сайлауы 11 қазанға белгіленді

1 741 просмотра

Image 0Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ – Беларусия президентінің сайлауы 11 қазанға белгіленді, деп хабарлады БЕЛТА.

«Беларусия президентінің сайлауы 2015 жылдың 11 қазанында өтеді. Мұндай шешім бүгін жетінші сессиясының жұмысын аяқтап жатқан Беларусияның ұлттық жиналысы өкілдерінің палата отырысында қабылданды», - делінген хабарда.

Беларусия Конституциясына сәйкес ел президенті 5 жылға сайланады және ант қабылдағаннан кейін қызметіне кіріседі. Президент сайлауын Беларусияның ұлттық жиналысы өкілдерінің палатасы 5 айдан кешіктірмей белгілейді және қазіргі мемлекет басшысының мерзімі аяқталуына 2 ай бұрын жексенбі күні өткізіледі. БЕЛТА еске салғандай, Беларусь Республикасының қазіргі президенті Александр Лукашенко 2011 жылдың 21 қаңтарында ант қабылдаған, сәйкесінше, кезекті сайлау 2015 жылдың 15 қарашасы күнгі жексенбіден кешіктірмей өтуі керек.

Президенттікке Беларусь Республикасында туып-өскен, жасы 35 жастан кем емес, сайлану құқығына ие және Беларуссияда үнемі тұрған және сайлау алдында 10 жылдан аз емес уақыт тұрған осы ел азаматы түсе алады. Ал соттылығы бар азаматтың сайлауға түсуге құқығы жоқ. Оған қоса сайлаушылардың 100 қолын жинаған үміткерлер ғана сайлауға түседі. Бұл ретте ынталы топ та 100 адамнан аз болмау керек. Президенттікке үміткерлерді ОСК тіркейді. Ол сайлау басталардан 35 күн бұрын басталып, 25 күн бұрын аяқталады. Үміткердің 30-ға дейін сенімді тұлғасы болуына болады, олар сайлау кампаниясын өткізуге көмектеседі, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, меморгандармен, қоғамдық бірлестіктермен, сайлаушылармен және сайлау комиссиясымен өзара қарым-қатынаста оның мүддесін білдіреді.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 маусым 2015, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.