Атырау, 25 қараша 20:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ шетелдіктерге виза беру процесін қалпына келтірді

1 633 просмотра

Image 013 маусымда АҚШ мемлекеттік департаменті америкалық виза жүйесі мен шетелдік төлқұжат жүйесі жұмысында техникалық ақаулар орын алғанын хабарлаған.

АҚШ виза беруге байланысты техникалық проблемаларды шешіп, шетелдіктерге виза құжаттарын беру үрдісін қалпына келтірді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеді, деп хабарлады «РИА Новости».

13 маусымда АҚШ мемлекеттік департаменті америкалық виза жүйесі мен шетелдік төлқұжат жүйесі жұмысында техникалық ақаулар орын алғанын хабарлаған.

«Консулдық қызмет бюросы биометрикалық деректерге жауап беретін жүйе жұмысы қайта тексеруден өткізіліп қалпына келтірілгенін хабарлады», — деді Кирби. Оның айтуынша, барлық америкалық визаның 66 пайызын беруге жауап беретін 33 елшілік пен консулдық құжаттар бере бастады, қалпына келтіру жұмыстары күллі әлем бойынша толық көлемде жүргізіліп жатыр.

Кирби дүйсенбіде АҚШ 45 мың виза бергенін (оның ішінде Бейжіңге 15 мың) атап өтті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

29 маусым 2015, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.