Атырау, 6 қазан 17:40
 ашықВ Атырау +10
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жүздеген «Эйнштейн» Лос-Анджелес көшелеріне шықты

1 753 просмотра

Image 0Лос-Анджелесте «Эйнштейндер» флеш-мобы өтті. Танымал физиктің кейпіне еліктеп, ақ парик пен жасанды мұрт тағып алған жүздеген адам Гиннес Рекордтар кітабына енеміз деген мақсатта көшеге шықты, деп хабарлайды Lenta.ru Mirror газетіне сілтеме жасап.

Жиналған жұрт осы жылдың наурызында Берклидегі (Калифорния штаты) Black Pine Circle School жекеменшік мектебінің оқушылары орнатқан 319 «Эйнштейн» рекордын жаңартпақ болды.

Шараға қатысушылардың бірі, 81 жастағы Бенни Вассерманның айтуынша, іс-шараның көздеген басты мақсаты – үйсіз-күйсіз балаларға білім беруді мақсат тұтқан «School on Wheels» қайырымдылық жобасы аясында ақша жинау.

Биыл авторы Эйнштейн болып табылатын салыстырмалы теорияның пайда болғанына жүз жыл толып отыр. 1915 жылы ұлы физик теорияның негізгі мазмұнын баяндап, арнайы мақала жариялаған. Сондай-ақ ол фотоэффект теориясы мен физика саласындағы басқа да жетістіктері үшін 1921 жылы Нобель сыйлығын алған.

Дереккөз: bnews.kz


29 маусым 2015, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.