Атырау, 5 желтоқсан 11:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Атырау» ФК бұрынғы директоры 7 жыл жаза алды

3 594 рет қаралды

Image 026 маусымда қалалық №2 соттың судьясы Зәуре ҚАЗАҚБАЙ «Атырау» ФК-ның бұрынғы директоры Арман ҮМБЕТАЛИЕВКЕ қатысты үкімді жариялады.

Сот Үмбеталиевті ҚР ҚК-нің 176-бабында («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету») қарастырылған қылмысқа кінәлі деп танып, оған 4 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымда жұмыс істеу құқығынан айырып, өзіне тиесілі мүлікті тәркілеумен жалпы режимдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жазаны өтеу мерзімі 2015 жылы 26 маусымнан бастап белгіленді. Осы сөзден кейін Үмбеталиевке сот залында қолкісен салып, қамауға алды.

Сот шешімімен Үмбеталиевтен мемлекет пайдасына 25 млн 617 мың 526 теңге мөлшерінде тигізілген зиян мен 768 мың 526 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығы өндірілетін болады.

Үкімге 15 күн ішінде шағымдануға болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 маусым 2015, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.