Атырау, 25 қараша 20:48
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Франциядағы теракт: Күдікті кінәсін мойындады

1 608 просмотра

Image 0Францияның Изер департаментінде орналасқан өндіріс кәсіпорнының аймағында жарылыс ұйымдастырған Изер Ясин Сали кінәсін мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости BFM телеарнасына сілтеме жасап.

26 маусымда газ баллондарын шығаратын Air Products кәсіпорнында автомобиль жарылды. Кәсіпорын территориясына лаңкес автомобильмен кіріп барған. Ер адам көлігін фабрика территориясында тұрған газды баллондарға қарай бұрған, бұдан кейін жарылыс болған. Бір адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды.

Оқиға маңында исламшылардың туы мен бауыздалған адамның денесі табылды. Қаза тапқан адамның көрші қаладағы транспорт компаниясының менеджері болғаны анықталды. Ол Air Products кәсіпорнына шикізатты жеткізу үшін құжаттар дайындауға келген. Кейін Ясин Сали есімді ер адам теракт ұйымдастырды деген күдікпен қаза тапты.

"Ясин Сали мердігер Эрви Корнарды өлтіріп, басын жұлып алғанын мойындады", - деп хабарлады BFM телеарнасы Франция тергеу ақпараттық көздеріне сілтеме жасап.

Сали кәсіпорынға шабуыл жасаудан бұрын өзі өлтірген адамның басымен суретке түскен. Ол суретті WhatsApp арқылы Солтүстік Америкада тіркелген номерлерге жіберген. Фотоны алғандардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Айта кетейік, болған оқиғаға байланысты Франция президенті Франсуа Олланд Брюссельде өтіп жатқан Еуропалық Одақтың саммитін үзіп тастауға мәжбүр болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 маусым 2015, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.