Атырау, 25 қараша 20:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өлім жазасына кесілген Царнаев сотта алғаш рет сөз сөйледі

2 794 просмотра

Image 0

2013 жылы Бостондағы марафон кезінде болған лаңкестікті жасады деп айыпты деп танылған Джохар Царнаев сотта тұңғыш рет сөз сөйледі. Сот отырысы сәрсенбі күні Бостонда өтті, ресми түрде өлім жазасына кесу үкімінің шығуы алдында ол жиналғандарға қарата сөз айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

1 жастағы айыпталушы өз сөзін Алла Тағаладан бастады. Ол өз қорғаушылары мен алқа сотына, оның жағында сөз сөйлегендерге алғыс айтып, лаңкестіктен зардап шеккендерден кешірім сұрады.

"Мен тірі қалғандардан кешірім сұрағым келеді. Жарылысқа мен айыптымын, күмәнсіз", - деп келтіреді Царнаевтың сөзін CBS арнасы сот залынан.

Өлтіргенім үшін, келтірген залалым үшін кешірім сұраймын", - деді ол. Сонымен қатар, ол өзі үшін және ағасы Тамерлан үшін Алладан кешірім сұрады.

Бұдан кейін Царнаевқа қатысты үкім шықты. "Алқа соты Мартин Ричард пен Лу Линцзыны өлтірген сені бірауыздан ең ауыр жазаға кесті, осы баптар бойынша сені өлім жазасына кесу менің міндетім", - деді судья Джордж О'Тул.

"Сенің есімің аталғанда саған риза болған мұғалімдерің туралы емес, әрқашан зұлыммен байланысты болады. Адамгершілігіңді ұмыттың", - деді судья сотталушыға қарата.

Сотта қаза болғандардың туыстары мен достары, зардап шеккендер сөз сөйледі. Барлығы 20 адам сөз сөйледі. Біреулер "әділ үкімнің шыққаны үшін" алқа сотына алғыс білдірді, тағы біреулер Царнаевты тәубеге келуге шақырды. Қайғылы оқиғаның куәгерлері Царнаевты ағасы Тамерланды тоқтатпағаны үшін айыптады.

Егер сол қасиеттің тамшысы болса бүгін сен өзіңнің өкінгеніңді көрсете аласың", - деді шабуыл кезінде қаза болған қыздың құрбысы.

Айта кетейік, үкім шығарылған сот ғимаратының алдында Царнаевты өлім жазасына кесу турал үкімге қарсы шыққан ондаған адам жиналды. Олар қатал жазаны белгілемеу туралы мәтін жазып, қолдарына ұстап, көтеріп тұрды.

Осы жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылғанболатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кесті.

Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 маусым 2015, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.