Атырау, 27 қараша 13:28
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жеңілдетілген автонесие: Отандық автокөлік саудасы 123 пайызға артты

2 430 просмотра

Image 0Жеңілдетілген автонесиенің арқасында отандық автокөлік саудасы 123 пайызға артты, - деп хабарлайды "Колеса".

Порталдың мәліметінше, несиелеу басталған бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандық көлік сатып алды. Ал несиелеу бойынша көлікке ие болғандардың саны бір айдың ішінде 1 020-ға жетті.

"Сәуір айымен салыстырғанда сатылым көлемі 123 пайызға артты. Made in Kazakhstan тақтайшалары қойылған автокөліктердің мамыр айында 2 611 бірлігі сатылды. Ал сәуір айындағы көрсеткіш 1 168 болған еді", - делінген порталдың жарияланымында.

Айта кетейік, халық арасында ең көп сұранысқа ие болған модельдердің арасында седан Hyundai Elantra көшбастап тұр. Одан кейінгі орынға классикалық "Нива", Skoda Rapid пен Kia және өзге де модельдердің кроссоверлері жайғасты.

Еске сала кетейік, жеңілдетілген автонесие 2015 жылдың 20 сәуірінен бастап беріле бастады. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін.

Дереккөз:tengrinews.kz

26 маусым 2015, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.