Облыстық прокуратура "Ақ бұлақ" бағдарламасының жүзеге асырылуын тексеру қорытындылары туралы баспасөз хабарламасын таратты.
"Бюджет қаржыларының негізсіз жұмсалуы, ауыз судың тиісті сапада болмауы, өкілетті органдардың мердігерлерге жұмыстарды уақытында орындамағаны үшін айыппұлдар салмағаны анықталды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Мәселен, Елтай селосындағы су құбырынан зиянды микробтардың алуан түрі анықталған.
Сумен қамту нысандарында 272 миллион теңгеге орындалмаған жұмыстар көлемі анықталды. Бұл мәселе облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ төрағалық еткен облыстық прокуратура алқасында қаралды. Алқа шешімімен облыстық әкім мен өкілетті органдар тарапына прокурорлық әрекет ету актілері шығарылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ