24 маусымда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» футбол командасы талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады.
Қожайындар алаңда басым түсуге тырысқандарымен, көп қателіктер жіберіп алды. Бірінші таймның ортасында меймандардың алғашқы салмақты шабуылы қақпаға доп кіргізуге әкелді. Талдықорғандықтар құрамындағы сербиялық легионер Душан САВИЧ ерекшеленді. Бірнеше минуттан кейін «Атырау» қорғаушысы Антон ГРИГОРЬЕВ меймандар қақпасына баспен дол соғып, есеп 1:1 болды. Бірақ 71-ші минутта сол Савич қайтадан «Жетісуді» алға шығарды. Матчтың қалған уақыты «Атыраудың» табанды, бірақ нәтижесіз шабуылымен өтті. Нәтиже – 1:2. Жанкүйерлер стадионнан турнирдің аутсайдерлерінің бірінен жақсы жүріс алып келе жатқандай болған команданың жеңілгеніне еңселері түсіп қайтты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ