Атырау, 6 қазан 17:25
 ашықВ Атырау +10
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Стивен Сигал Астанада айкидодан шеберлік сағаттарын өткізді (ФОТО, ВИДЕО)

1 771 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында танымал Голливуд актері, режиссер және продюсер Стивен Сигал балаларға арнап айкидодан шеберлік сағаттарын өткізді.

Стивен Сигал Астана күні қарсаңында өткізілетін Ұрыс өнерінің I халықаралық фестиваліне келген болатын.

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанаға осымен бірнеше мәрте келіп отырған қадірлі мейманды күтіп алып, Қазақстанның бас қаласына қызығушылық танытып отырғанына алғыс айтты, сонымен қатар қаланың соңғы жылдары орын алған жаңа өзгерістермен таныстырды. Кейін олар шеберлік сағаттары өтуі тиіс Оқушылар сарайына беттеді.

«Мен бүгін сіздерді осында көргеніме қуаныштымын. Сіздердің алдарыңызда өз өнерімді, білгенімді көрсету мен үшін үлкен абырой. Жоғары ілтипат көрсетіп отырған қала әкімі Әділбек Жақсыбековке алғысым шексіз. Балалар - біздің болашағымыз. Бүгін істеп жатқан істеріміздің барлығы олардың жақсы тәрбие мен білім алуларына арналады», - деді С.Сигал.

Шеберлік сыныпқа Айкидо федерациясының спортшылары мен Оқушылар сарайының тәлімгерлері, жалпы саны 70-ке тарта адам қатысты.

Дереккөз: inform.kz


25 маусым 2015, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.