Атырау, 27 қараша 13:40
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БТА Банктің лицензиясының әрекеті тоқтатылды

2 549 просмотра

Image 0Лицензияның әрекеті ҚР Ұлттық Банктің ««БТА Банк» АҚ-на берілген банктік және өзге де операцияларды сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүргізу лицензияның әрекетін тоқтату туралы» 2003 жылғы 23 маусымдағы №268 Бұйрықтың негізінде тоқтатылды.

АСТАНА, 24 мау — Қазақстан жаңалықтары АА. "БТА Банк" АҚ-ның банктік операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылды дееп хабарлайды Қазкоммерцбанктің (ККБ) баспасөз қызметі.

""БТА Банк" АҚ (БТА) және "Казкоммерцбанк" АҚ (ККБ) 23 маусымнан бастап БТА-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне лицензияның әрекетін тоқтату туралы ерікті түрде берген өтініміне байланысты БТА-ның банктік операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылғаны жөнінде хабарлайды",-делінген хабарламада.

Лицензияның әрекеті ҚР Ұлттық Банктің ««БТА Банк» АҚ-на берілген банктік және өзге де операцияларды сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүргізу лицензияның әрекетін тоқтату туралы» 2003 жылғы 23 маусымдағы №268 Бұйрықтың негізінде тоқтатылды.


БТА Банктің лицензияны ерікті түрде қайтаруы ККБ мен БТА интеграциясының мақұлданған жоспарына сәйкес атқарылды. 15 маусымда қос банк активтер мен міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында БТА активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі ККБ-ға берілді, ал ККБ-ның проблемалық активтерінің бір бөлігі БТА-ға өтті.

"Активтерді және міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімнің шарттары бойынша, ККБ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес БТА және оның клиенттері арасындағы келісімдерде белгіленген барлық талаптарды сақтай отырып, міндеттемелерді толық көлемде орындайды",-деп атап көрсетілген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, БТА өзінің және ККБ-дан өткен проблемалық активтермен жұмыс жасайтын болады және осы проблемалық активтердің жұмысынан түсетін қаражат БТА-ның ККБ алдындағы борышын өтеу үшін жұмсалады.

25 маусым 2015, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.