Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Австралиялық интернет-журналист және WikiLeaks әшкерелеу ақпараттары сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж Франциядан АҚШ-ты барлау әрекеттері үшін сот арқылы қудалауға шақырды.
Ол TF1 телеарнасының эфирінде жақында оның WikiLeaks сайты жариялаған құжаттарға түсініктеме бере отырып, осындай мәлімдеме жасады. Ол құжаттар АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) 6 жыл бойына француз президенттері мен оның жақын көмекшілерінің телефон сұхбаттарын тыңдап отырғанын айғақтайды.
«Франция парламенттік тергеу комиссиясын құрып, АҚШ-ты сотпен қудалауды бастауы керек», - деп айтқан Д. Ассандждың сөзіне ТАСС сілтеме жасайды.
Ол, АҚШ арнайы қызметтері өздерінің барлау операцияларымен, атап айтқанда, «француздық компаниялардың бәскеге қабылеттілігін жоюға тырысады», деп айтты.
Д.Ассанж WikiLeaks-тің қазіргі жарияланымынан соң, «келесі оның әшкерелеу мақаласы саяси көзқарас тұрғысынан бұдан да зор және мәнді болады», деп сендірді.
Еске салсақ, Д.Ассанж 2010 жылы Wikileaks АҚШ мемдепартаментінің құпия хаттарын жариялаған соң бүкіл әлемге танымал болды. 2012 жылы ол Швецияға экстрадицияламауы үшін Лондондағы эквадорлық дипөкілдіктен саяси баспана сұрады, себебі шведтер оны жыныстық қылмыс жасаған деп күдіктеліп отыр. Ол, Стокгольм оны АҚШ-қа депортация жасайды, ал онда оған 35 жыл түрмеге қамау, бәлкім, тыңшылық туралы заң бойынша, мемдепартаменттің мыңдаған құпия құжаттарын рұқсатсыз жариялағаны үшін өлім жазасына да кесілуі мүмкін.
2014 жылы 25 маусымда Д. Ассандж Қазақстан журналистер одағының 2014 жылғы сыйлығымен марапатталды. Оған «Журналистік зерттеу» номинациясының лауреаты деген диплом жіберілді.
Дереккөз: ҚазТАГ