Фото: AP PhotoАлматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Бостон марафоны кезінде теракты жасаған деп айыпталған Джохар Царнаевқа ресми өлім жазасы шығарылды, деп мәлім етті американдық The Boston Globe газеті.
«Мен сізді өлім жазасына кесемін», - деді судья Джордж О'Тул сәсенбі күні сот отырысында.
Бұл ретте ол Д. Царнаев «есте зұлымдықтың символы ретінде қалады» деп қадап айтты.
«Ешкім де сізді мұғалімдеріңіз сүйгенін, сіз жақсы спортшы болғаныңызды, көңілді жігіт екендігіңізді есіне алмайды. Сіздің есіміңіз аталғанда ел есіне сіздің жасаған зұлымдығыңыз түседі», - деді судья.
Бұл ретте ол адам өлтіру туралы талап шынайы исламнан шығуы мүмкін еместігін қадап айтты.
«О'Тул Царнаевқа үкім шығарып тұрып оған, егер ол шынымен де құдай оған адам өлтірсін деп айтқанына сенген болса, онда ол ислам құдайына емес, қатыгез құдайға сенген деп айтты», - делінген мақалада.
Басылым еске салғандай, алқа билер өлім жазасын мамыр айында шығарған, бірақ ақтық үкімді тек судья ғана шығара алады. Царнаев оған тағылған 30 айыптың 6 айыбымен өлім жазасына кесіліп, қалғандары бойынша өмір бойына түрмеге отыру жазасына кесілген.
Өз кезегінде Д. Царнаев өзінің соңғы сөзінде зардап шеккендерден кешірім сұрады.
«Мен, қиған өмірлер туралы, келтірген зардаптар туралы, және мен келтірген орасан шығын туралы өкінемін. Мен құрбандар мен тірі қалғандардан кешірім сұраймын. Мен мұсылманмын. Менің дінім – ислам. Мен Алладан бомба жарылғанда зардап шеккендер мен олардың отбасыларына мейірімді болуын жалбарынып сұраймын. Мен сіздердің жазылып кетулеріңізді дұғамда тілеймін. Мен Алладан маған, менің бауырыма және менің отбасыма мейірімді болуын сұраймын», - деді ол.
Үкім жарияланудың алдында сотта 20-дан астам зардап шеккендер сөз сөйлеп, қалғандары судья О'Тулға жазбаша хаттарын жіберіпті.
Дереккөз: ҚазТАГ