Атырау, 3 мамыр 12:35
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қазақ ғарышкер Халықаралық ғарыш стансасына ұшатын болды

1 702 просмотра

Image 0Ғарышкерлерді даярлау орталығының ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты британиялық әнші Сара Брайтманның орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті. Бұл туралы ТАСС агенттігінің зымыран-ғарыш саласындағы дереккөзі хабарлады.

«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Айымбетов ХҒС-ына қысқа мерзімдік экспедициясының құрамына енгізілді. Оның дублері болып ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев тағайындалды», — дейді агенттік маманы.

Ғарышқа ұшуға үміткер болған ресейлік бизнесмен Федор Гальчев, әңгімелесушінің нақтылауынша, ғарышқа ұшу идеясынан бас тартқан жоқ, бірақ, әзірге осындай сапарға шығуға жеткілікті түрде дайын емес екенін түсініп отыр.

Бұған дейін Росғарыш басшысы Игорь Комаров ТАСС агенттігіне ХҒС-ға ұшудан бас тартқан Брайтманның орнына ұшатын адам таяу уақытта анықталатынын хабарлаған еді.

Айымбетов пен Гальчевтен басқа, «Союз ТМА-18М» кемесінде британиялық әншінің орнына ұшу тәжірибесі болмаған Прокопьев үміткер болған.

«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің Байқоңыр (Қазақстан) ғарыш айлағынан ұшуы 1 қыркүйекке жоспарланған. Айымбетовпен бір экипажда орбитаға ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен ұшады.

Дереккөз: bnews.kz

23 маусым 2015, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.