Атырау, 26 желтоқсан 00:29
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Қостанайдағы тең ойын

1 461 рет қаралды

Image 020 маусымда ел чемпионатының 16-туры матчында қонақта болған «Атырау» «Тобылмен» ойнады.

Меймандар кездесуді шабуыл мәнерімен өткізіп, Қостанайдан үш ұпай алуға жақын болды. 36-минутта айыппұлды ойнау барысында «Атырау» қорғаушысы Антон ГРИГОРЬЕВ баспен доп соғып есепшотты ашты. Екінші таймның басында қожайындардың ойыншылары күтпеген жерден алыстан доп салып, есеп 1:1 болды.

Тағы он минуттан соң қожайындар алға шықты. Ал 72-минутта «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Константин ЗАРЕЧНЫЙ допты қағып алып, керемет соқты. Штангаға тиген доп қақпаға ұшып кірді. Матч соңына дейін екі команданың да мүмкіндіктері болды, бірақ табло 2:2 есебінен өзгермеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


Image 0

22 маусым 2015, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.