Атырау, 28 қараша 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Тыл еңбеккерлері көп болып шықты

2 817 просмотра

Image 019 маусымда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Атырау қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді.

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Шыңғыс АРЫСТАНОВ белгілі бір бағдарламаларды өткізуге қажетті сомаларды атады. Атыраудың сумен қамту құрылғыларын күрделі жөндеуді жалғастыруға - 100 млн теңге, Нұрсая-3 ықшамауданындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға - 100 млн теңге, Балықшыдағы магистральды жылу жүйелерін, орталық жылу қосынын, көшеішілік жылу трассаларын жаңарту бойынша ЖСҚ дайындауға 20 млн теңге, №17 мектеп-лицейдегі пилотты жоба үшін жаңа жабдықтар сатып алуға 20 млн теңге. Депутаттар қаржы бөлуді қолдап дауыс берді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Нұрлы ХАБИЕВА 340 тыл еңбеккерлері мен майдангерлердің жесірлеріне жәрдемақы төлеу үшін қосымша 8,5 млн теңге қаржы сұрады.

Мәселе мынада, Жеңістің 70 жылдығының тойлануына байланысты мемлекет азаматтардың осы санатына 25 мың теңгеден бөлген еді. Қолда бар тізімнің негізінде есептелген белгілі бір сома бюджетке салынған, бірақ ол жетпеді.

- Бұрын "Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі жоқ тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ соғыстан кейін қайтыс болған майдангерлердің жесірлеріне жәрдемақы тиесілі болмады. Сондықтан оларға құжаттарын жинап, тіркелудің қажеті жоқ болды. Енді оларға республикалық бюджеттен жәрдемақы тиесілі екенін білген адамдар жергілікті органдарға хабарласа бастады. Осылайша бізде 340 үміткерден тұратын жаңа тізім қалыптасты. Республикалық бюджет енді Жеңістің 70 жылдығына байланысты шараларға қосымша қаржы бөлмейді. Ал олардың жәрдемақы алуға толықтай құқығы бар, - деп түсіндірді Н.Хабиева.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 маусым 2015, 20:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.