Йеменде "Әл-Каида" ұйымының өкілдері Сауд Арабиясының екі азаматын ашық түрде өлтіріп тастады, - деп хабарлайды Вести.ru.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамдарды Мукалла қаласындағы жағажайда адамдардың көзінше атып тастаған. Кейін олардың денелерін көпірге іліп қойды. "Әл-Каида" ұйымы бұл әрекеттерін өз лидерлері Насера әл-Вахишиді өлтіргендерге жауап деп түсіндірген.
Еске сала кетейік, 15 маусымда "Әл-Каида" содыры Мұхтар Белмұхтарды америкалықтар өлірген болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Америкалықтардың Ливия аумағына бағыттаған әуе соққысы содырларды жойып жіберген болуы мүмкін. Басылымның хабарлауынша, Пентагон "Әл-Каида" орта дәрежелі иерархиясына әуеден соққы жасағанын ресми түрде мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрлігі, алдын ала болжам бойынша, соққы нысанаға дәл тигенін хабарлады.
Сонымен қатар, соққы кезінде салмағы 225 келі болатын екі F-15 жойғыш қаруы қолданылғаны белгілі болды. Мұхтар Белмұхтар 2013 жылы Алжирде газ кен орнына жасалған шабуылды ұйымдастырушылардың бірі. Шабуыл нәтижесінде батыс елдерінен әкелінген 38 тұтқын, сонымен қатар 3 америкалық қаза тапты. Белмұхтардың қайтыс болғаны туралы ақпарат бірнеше рет тарады, дегенмен бәрі жоққа шығарылды.
Дереккөз:tengrinews.kz