Атырау, 25 қараша 20:42
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та шіркеуде тоғыз адамды жайпап салған күдікті құрықталды

1 498 просмотра

Image 0Америка полициясы Чарльстон қаласында шіркеуге кіріп, қаншама жазықсыз жанды жайпап салған ер азаматты бір тәулік ішінде анықтап, қамауға алды. 21 жастағы Дилан Руф көрші Солтүстік Каролина штатынан табылды, деп хабарлайды BNews.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұған дейін екі рет полиция қолына түскен екен – жекеменшік аумаққа заңсыз енгені үшін және есірткі ісі бойынша. Ал соңғы туған күніне оған әкесі тапанша сыйлапты.

Осы қайғылы оқиғаға орай АҚШ президенті Барак Обама елдегі қарудың еркін айналысы мәселесіне тоқталып, арнайы мәлімдеме жасады.

«Соңғы уақыттары осындай себептермен жиі мәлімдеме жасауға мәжбүрмін. Біз әзірге барлық факторлардан беймәлімбіз, алайда, кезекті рет жазықсыз адамдардың қазасына куә болып отырмыз. Әрине, бүгін – аза тұту және айығу күні. Дегенмен, шындыққа тіке қарап, мына бір жағдайды мойындауымыз керек: мұндай түрдегі жаппай зорлық-зомбылық өзге дамыған мемлекеттерде біздегідей жиі орын алып жатқан жоқ», - деді президент.

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні кешкі сағат 9-дар шамасында орын алған. Қолында қаруы бар бейтаныс біреу қала ортасындағы Калхун-стритте орналасқан Африкалық әдістемелік епископтық шіркеуге басып кіріп, оқ атқан. Салдарынан 9 адам тіл тартпай кетті. Олардың арасында Оңтүстік Каролина штатынан сайланған сенат мүшесі пастор Клемента Пинкни де бар.

Қаза болғандардың бәрі – афроамерикалықтар. Шабуыл жасалған уақытта шіркеуде дұға оқылып жатқан.

Дереккөз: bnews.kz


19 маусым 2015, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.